Бақытжан Сағынтаев Атырау мұнай өңдеу зауытына барды

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де болды, онда МӨЗ жаңғырту жұмыстарының аяқталу барысы туралы мәлімделді, – деп хабарлайды Atr.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

fdg

Бақытжан Сағынтаев жаңғырту нысандарын тексеріп, мұнайды терең өңдеу кешеніндегі жұмыстармен және АМӨЗ қызметімен танысты.

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Ғалымжан Амантурлиннің айтуынша, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың үкіметтік бағдарламасына енгізілген ауқымды жоба аяқталды. Биылғы жылдың 29 наурызында іске қосу операцияларын жүргізу аясында каталитикалық крекинг, газ тазарту және күкірт өндіру технологиялық қондырғылары іске қосылды, жоғары октанды бензин өндірісі ұлғайтылды. Келесі технологиялық қондырғыларда іске қосу жұмыстары жалғасуда.

Жүргізілген жаңғырту жұмыстары мұнай өңдеу тереңдігін және зауыт қуаттылығын жылына 5-тен 5,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, жылына 2,4 млн тонна шикізатты (мазут, вакуумды газ майы) өңдеуге жол ашады. Сонымен қатар, жоғары октанды бензиннің, авиация және дизель отынының өндірісін ұлғайтуға ықпал етеді.

Осылайша, жылына 5,5 млн тонна мұнай өңдеу арқылы АМӨЗ жыл сайын 1,745 млн тонна автокөлік бензинін, 1,64 млн тонна дизель отынын, 244 мың тонна авиакеросин шығаратын болады. Мазут шығару көлемі 193 мың тоннаға дейін қысқарады. Барлық мотор отыны Еуро-5 стандарттарына сәйкес келеді.

Айта кету керек, «Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасы Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған және зауытты жаңғыртудың үшінші, соңғы кезеңі.

Хорлан СМАДИЯР

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*