Баға, қайда барасың?

Былтыр Еуразиялық экономикалық одақ елдері бойынша анықталған инфляцияның жоғары көрсеткіші біздің елімізді де сырт айналып өтпеді. Ресми мәліметке сүйенсек, инфляция 7,1 пайызды құраған екен. Десек те, әлем нарығындағы жағдайды ескерсек, аса үлкен үлес емес. Бұл тұрғыда экономист мамандар не ойлайды, жергілікті жұртшылықтың пікірі қандай?

Òîïëèâîðàçäàòî÷íûé ïèñòîëåò â áàêå àâòîìîáèëÿ íà àâòîçàïðàâî÷íîé ñòàíöèè, âî Ëüâîâå, 11 äåêàáðÿ 2017 ã. Ôîòî ÓÍÈÀÍ

Бензин бәсі бұғауланса

Бір көңіл қуантарлығы, орташа жалақы өсті. Әйтсе де, оған бір жыл бұрынғыдай тауар, не қызмет ала қою мүмкін бе? Ең бастысы, қазақстандықтардың тұтынушылық қабілеті төмендемесе болғаны. Себебі, отандық өндірушілердің өміршеңдігі мен экономикамыздың нығаюы тікелей соған тәуелді. Айтпақшы, былтырғы Дүниежүзілік банктің мәлімдемесі бойынша халықаралық кедейлік шегінің көрсеткіші күніне 5 АҚШ долларын құрап, 19,8 пайызға артқан.

Тағы да статистикаға жүгінсек, биыл азық-түлік тауар бағасы былтырмен салыстырғанда 6,5%, азық-түлік емес тауар 8,9%, ақылы қызмет 5,9 пайызға қымбаттапты. Ал, теміржол билеттерінің бағасы 7 пайыздан 37 пайызға өскен. Коммуналдық қызмет құнында да өсім бар. Сарапшы мамандар мұның себебін бензин бағасының шарықтауымен түсіндіреді.

Екіншіден, баға өсімі табыс көлемінің арту үрдісінің алдында жүреді. Өткен жылдың қараша айында халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақша табысы 81039 теңгені құраған (2016 жылмен салыстырғанда 1,5% төмен). Сөйтіп, шынайы ақшалай пайда 8,2 пайызға төмендеген.

Енді не істеу керек?

Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ерболат Дәулетқазиев инфляцияға төтеп беру үшін халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына арнайы азық-түлік карточкаларын енгізуді ұсынады.

– Дұрыс тамақтану, уақытында емделу, сапалы білім алу секілді қажеттіліктер бәріне бірдей қолжетімді болуы керек. Осы орайда, отандық тауарға тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасы жұмыс жасайды. Оған қосымша кедейлікпен күрес жолдарын да қарастыру қажет деп санаймын. Ол үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың есепшоттарына ай сайын аз да болса қаражат аударылып тұрғаны жөн. Оған отандық  өндірушілердің азық-түлігін сатып алуға болар еді.

Тағы бір мәселе, елімізде өңделетін өнімдер шетелге көп экспорттала бермейді. Ендеше, оларды өткізудің бірден-бір жолы – ішкі нарық. Алайда, сұраныстың төлеу қабілеті төмендегендіктен, біздің кәсіпорындар өндірісті азайтуға мәжбүр. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардағы жалақының қысқартылуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Ең бастысы, баға нарығын қадағалайтын арнайы мемлекеттік құрылым қажет, – дейді Е.Ғұсманұлы.

Дәрінің қымбаттау құпиясы

Бүгінде әлеуметті алаңдатып отырған мәселе – ауырғанға дауа болатын дәрі бағасының шарықтауы. Мұны да қадағалап, реттеп отыратын құрылым жоқ. Дәріханалар жеке меншік иелігінде, ондағы бағаны кім бақылайды? Дәріні көп қолданатын егде жастағы зейнеткерлердің айтуына қарағанда, өтпей жатқан өнімге «қымбатшылық» қолдан жасалады екен. Қалайша? Мәселен, «темпалгин» өтпей тұрса, сөрелерден жоғалып кетеді екен. Сөйтіп, темпалгин тапшы бола бастайды. Есесіне, жұрт оны жапа-тармағай жаңа піскен бәліштей таласа-тартыса ала кетеді.

Екіншіден, бұл дәрі дәрігер рецептісінен «тұрақты» орын тебеді. Оның өзі де көп жағдайда сауатты толтырыла бермейтіні тағы бар. Ал, препарат нағыз өтпеген кезде бұрынғы атауы өзгеріп шыға келеді. Оған қазір ешкім таңғалмайды. Бұл сөзімізді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Үмітхан Мұсабаева да қуаттайды.

– Дәріханалардың қай-қайсысының да қожайыны бар. Ол да кәдімгі кәсіпкер сияқты өндірушілерден тауар тасып, үстіне аз-мұз ақша қосып, жергілікті жерде өткізуге мүдделі. Оған заң бойынша бағаны өзгертпе деп талап қоя алмаймыз. Міне, фармациялық өнімдердің бағасы әр жерде әртүрлі болып келетіні сондықтан. Екіншіден, дәріні өндірушілерден гөрі оны сатушылар көп. Делдалдық қызмет есебінен баға өсе түседі.

Өткен жылы елімізде дәрі-дәрмек 7 пайызға қымбаттады. Оның ішінде, әсіресе, бас ауырғанда қолданатындары – 13, асқазан ауруларынан айықтыратындары 7,5 пайызға өсті. Олардың көбісі Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өндіріледі. Біразы шет елден әкелінеді. Атыраудың өзінде де дәріханалар жетерлік. Бірақ, солардың ішінен тек санаулылары ғана сапа стандарты бойынша сынақтан өткен. Олардың қатарында «Абдрахманова», «Имангалиева» жеке кәсіпкерлік нысандарын айтуға болады, – дейді ол.

Сауатыңды арттыр, ағайын!

Белгілі заңгер Николай Шильман тұрғындарда бір-бір несиеден ілулі тұрғанын, оның соңы қымбатшылыққа әкелетінін айтады.

– Тұрғындар санасын өзгертпейінше, қарызға бата береді. Қаншалықты қауіпті әрі сапасыз болса да, тұтынушылар қытайлық өнімдерді алуға құштар. Елбасы бір сөзінде «айналада орын алып жатқан оқиғалар мен өзгерістерге терезеден қарамау керек» деді. Ендеше, қоғамдағы құбылыстарға немқұрайлылық танытпай, қаржылық және заңдық сауаттылығымызды арттыруымыз керек.

Менің көкейімде көптен бері жүрген ұсыныс – ең алдыңғы кезектегі қажеттіліктерді, соның ішінде, азық-түлік өнімін өзімізден өндіру. Мәселен, сүт, күнбағыс майы, ет тағамдарын сырттан тасығанша, өзіміз өндірген анағұрлым тиімді ғой! Ол үшін ауыл кәсіпкерлеріне несие беру жолдарын жеңілдету керек. Сөйтіп, отандық өндірушілерді қолдау, олар үшін салық мөлшерін азайту бағытындағы жұмыстарды үзбеген жөн, – дейді сарапшы.

Республикалық бюджет (теңге):

Былтыр:

Кіріс – 9 609 031 675

Шығыс – 10 699 154 559

 

Биыл:

Кіріс – 8 449 915 213

Шығыс – 8 965 833 773

 

Бөлінген қаражат (теңге):

Былтыр:

Мал шаруашылығы – 32 729 714

Егін шаруашылығы – 10 086 915

 

Биыл:

Мал шаруашылығы – 21 995 311

Егін шаруашылығы – 6 760 688

 

Амандық Cағынтайұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*