Бәріне баспана қажет

Парламент Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов пен Марат Бопазов «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында тұрғындарды қабылдады.

1406206953_zhas-otbasylar-turgyn-ui-bagyty

Қоғамдық қабылдауға келгендер отандық реагенттерді пайдалану жайын, автокөлік жолдарын салу және тұрғын үй мәселесін алға тартты. Солардың қатарындағы Сержан Жиенбаев пен Рафаэль Меңдібаев ұзақ жыл өңірдегі мұнай өнеркәсібін зерттеп жүр. Олар жергілікті химиялық элементтерден аймақ үшін арнайы ұнтақ реагент жасап шығарған. Бірақ, отандық өнімді неміс технологиясы алмастырады деп қауіптенеді. Ғалымдар өз жобаларына қолдау іздейді. Айтуларынша, елу жыл бұрынғы ұңғымалар әлі де жоғары сапалы мұнай өндіреді.

Сондай-ақ, «Сарықамыс-2» ықшамауданының тұрғындары жөндеу көрмеген жолдар мен аялдама тапшылығын сөз етті. Мұнда қоғамдық көлікті былай қойғанда, кәдімгі такси тұрағы да жоқ.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи жол жөндеу жұмыстарының басталғанын жеткізді. Барлығы 311 көшеге тасжол төсеу үшін қазынадан 25 миллиард теңге бөлінген.

Тағы бір атыраулық Гүлмира Мусина жұбайынан ажырасқан соң төрт баламен тентіреп қалғанын айтып, тұрғын үй мәселесіне көмектесуді сұрады.

– Бұрын қоғамдық қабылдауға келушілер азық-түлік пен балаларына киім-кешек сұрайтын. Қазір заман басқа, сұраныс та өзгерді. Бәріне тұрғын үй қажет. Астанаға оралған соң, біз ең алдымен, осы мәселемен айналысамыз, – деді А.Жамалов.

Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған халық қалаулылары аталған мәселелерді комиссия отырыстарында көтеріп, шешімін табуға уағдаласты.

Амандық АБДОЛ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*