Бұл – менің таңдауым

Жақсылықтың жанашырына айналып, оқырманның ойынан шыға білетін «Атырау» газетінің мен үшін орны ерекше.

Төл газетіміз егеменді еліміздің ішкі, сыртқы жай-күйін, келелі мәселелерін, тіл мен әдебиетін өз еншісіне алған, талай жылдан бері өз беделін жоймаған қадір-қасиетімен ерекшеленіп келеді. Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің аз еместігі аян. Сол мәселелерді шешуде аталмыш газеттің қосар үлесі де, тигізер септігі де ұшан-теңіз. «Атырау» газеті ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз. Өз кезегімде замандас құрбы-достарымды газет оқуға шақырамын. Өйткені, ғаламтор, телефон, әлеуметтік желіге жұтылмай мерзімді баспасөзбен сусындаудың тигізер пайдасы зор.

Жания ХАЙРОЛЛА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*