Бүгін белгілі тұлғалардан кімдер дүниеге келген?

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Тұлға

ЕСІМДЕР

Туған күн иелері 72 жыл бұрын (1947) «Отандастар қоры» ҰАҚ президенті, Қазақстанның мемлекеттік саяси қайраткері, дипломат Нұртай Әбіқайұлы ӘБІҚАЕВ дүниеге келді. Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған. Свердловск қаласы (қазіргі Екатеринбург) Орал политехникалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 1970-1972 жылдары – Кеңес Армиясының офицерлік құрамында қызметте. 1972-1976 жылдары – Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы. 1976-1984 жылдары – партия-кеңес жұмысында. 1984-1990 жылдары – Қазақстан Министрлер кеңесі төрағасының және КП ОК бірінші хатшысының көмекшісі. 1990-1991 жылдары – Қазақ ССР Президенті аппаратының басшысы. 1991-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер кабинеті аппаратының басшысы. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының басшысы. 1995-1996 жылдары – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Швеция Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ирландия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы. 2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы. 2007-2008 жылдары – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. 2010-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы. 2015-2017 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың маусымынан. Экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Дипломатиялық рангі – Төтенше және Өкілетті Елші. Әскери атағы – генерал-майор. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері. ҚР Волейбол федерациясының президенті, ҚР Гольф ұлттық ассоциациясының президенті, Ұлттық жаратылыстану академиясының президенті. “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев”, “Парасат”, “Орден Дружбы” (Ресей), “Орден Почета” (Ресей) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

65 жыл бұрын (1954) Еуразиялық экономикалық одақ сотының төрағасы Жолымбет Нұрахметұлы БӘЙІШЕВ дүниеге келді. Қостанай облысында туған. СССР ІІМ Волгоград жоғары тергеу мектебін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын орта мектепте мұғалім болып бастады, Қостанай облысының құқық қорғау органдарында, партия қызметінде болды. 1990-1992 жылдары – ҚР Жоғарғы Кеңесінің бас маманы, аға консультанты, заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1992-1995 жылдары ҚР Конституциялық сотының судьясы. 1995 жылы – Қазақ мемлекеттік заң институтының конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті. 1996-2001 жылдары – ҚР Президентінің ҚР Парламенті Сенатындағы өкілі. 2001-2002 жылдары – ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілі. 2002-2011 жылдары – ҚР Жоғарғы сотының судьясы, ҚР Жоғарғы соты жалпы отырыстарының хатшысы. 2011-2014 жылдары ЕурАзЭҚ сотының судьясы. 2014 жылғы қазан-желтоқсан айларында – ЕурАзЭҚ сотының төрағасы. 2015-2017 жылдары Еуразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары болды. Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың қаңтарынан. «Құрмет» (2005), «Парасат» (2015) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған, «Сот жүйесінің ардагері» (2015); ҚР Соттар одағының, ҚР Жоғарғы соты төрағасының Құрмет грамоталарымен, ҚР Президентінің алғысхатымен марапатталған. 15 мамыр.

61 жыл бұрын (1958) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Сәдуақасұлы БЕРГЕНЕВ дүниеге келген. Семей облысында туған. Семей қаржы-экономика техникумын (1976); Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын (1987) бітірген. Еңбек жолын Бородулиха ауданының салық инспекциясында бастап, сол жерден әскер қатарына шақырылды. Әскери қызметтен кейін ауданның кеңестік және партиялық органдарында қызмет етті. 1990 жылы ауданның салық инспекциясына жұмысқа ауысып, 1995 жылы Семей облысы бойынша салық полициясы облыстық басқармасының бастығы болды; Семей облысы әкімінің бірінші орынбасары, Семей облысы әкімінің міндетін атқарушы (1997); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (1997-1998); Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі (1998); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшлігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы (1998-1999); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1999-2003); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2003-2007); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2007-2008); Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2008-2009); «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры, аппарат басшысы (2010-2017). Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді. «Құрмет» орденімен (2015); «Ерен еңбегі үшін» (2005), «10 жыл Астана» (2008) медальдарымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1959) актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Астана циркінің бас директоры Ерік Қалиұлы ЖОЛЖАҚСЫНОВ дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген, драма және кино актері. 1982 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1989 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актері.

54 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Наушақызы ӘБДІҚАЛЫҚОВА дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген. 1987-1994 жылдары – Қызылорда облысының халықты әлеуметтік қорғау басқармасының аға инспекторы, бөлім бастығы. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультанты. 1995-2003 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету департаментінің директоры, зейнетақымен қамтамасыз ету және халықтың табысын реттеу департаментінің директоры. 2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2005-2006 жылдары – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметтерін атқарған. 2009-2012 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы. 2013-2014 жылдары Премьер-Министрінің орынбасары. 2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болды. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың ақпанынан. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

35 жыл бұрын (1984) гимнасшы, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Мақсұтқызы ЖҮСІПОВА дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. 2000-2005 жылдары халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жүлдегері, командалық және жекелеген есепте Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дохада алауы тұтанған Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алған. 2004-2008 жылдары Афина және Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 2001 жылдан бері Әлия Жүсіпова Мәскеудегі көркем гимнастикадан олимпиадашылар дайындайтын орталықтың бас төрешісі атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттыққан. “Құрмет” орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның абсолюттік чемпионы, әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, екі Олимпиада ойынының қатысушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *