Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі ашылады

Бүгін Астанада “Жас Отан” жастар қанатының кезекті IV съезі ашылады. Оған еліміз бойынша 1500-ге жуық делегат қатыспақ.

index

Съездің басты мақсаты – “Жас Отан” жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау.

Делегаттар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салады. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланбақ.

Съезд жұмысы екі күнге жалғасады. Алқалы жиын соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласады.

Айта кетейік, съезге Атырау облысынан 40 делегат қатысуда.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*