Бүгін әлемде ерекше “құбылыс” болады

 

Бүгін түнде жер тұрғындары 18 жылда 1 рет қана болатын күннің ең ұзақ тұтылуын тамалашай алады. Айдың көлеңкесі бүкіл Антарктида құрлығын басатын болады. Бұл құбылысты осы Антарктида мен АҚШ, сондай-ақ, Бразилия, Аргентина, Чили, Уругвай және Парагвай елдерінің тұрғындары ғана көре алады. Ескерте кететін жәйт – бұл күні негативке жол беруге, яғни, ұрсысуға, біреуге ренжуге, көңіл-күйді түсіруге, қызғаншақтыққа жол беруге болмайды.

20cf52f9-ac74-4efa-a9c2-d9cf81ad3479

Күннің тұтылуы бүгін кешке Мәскеу уақытымен 21 сағат 55 минутта басталып, 16 ақпандағы түнгі 01 сағат 47 минутта аяқталады (Мәскеу уақытымен).

Ал, бұл тұтылудың максималды фазасы бүгін 23 сағат 51 минутта байқалатын болады. Оның ұзақтығы 10 минутке дейін жетеді.

Астрологтардың айтуы бойынша, бұл – 18 жылда 1 ғана рет келетін күннің тұтылуы. Бұл тұтылудың адамдарға айтарлықтай әкелетін зияны болмайды.

Тек, бұл күні жер бетінде өмір сүретін барлық тұрғындарға «қызбалыққа» салынуға болмайды. Осы күні негативке жол беру, яғни, ұрсысу, біреуге ренжу, көңіл-күйді түсіру, қызғаншақтыққа жол беру – тұрғындардың өміріне кері әсерін тигізеді.

Бұл күн, сондай-ақ, «старт күні» болып саналады. Яғни, осы күні өткенге есеп беріп, болашаққа жаңадан қадам басу керек. «Старт» – бастау деген сөз. Осы күні басталған жобалар, жоспарлар, қолға алған істер жемісті болады.

Ең ұзаққа созылады деп есептелінген күннің бұл күнгі тұтылуында адамдардың өздеріне физикалық күш түсіруі, отбасылық ұсақ-түйектермен айналысуы пайда әкелмейді. Сондай-ақ, бұл күні пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізбеген дұрыс. Ол ұзаққа созылып кетеді.

Бір сөзбен айтқанда, астрологтар бұл күні демалуға, өзіңді еркін сезінуге, көңіл-күйді тек позитивтерге бағыттауға кеңес береді.

Қазақстандықтар бұл құбылысты көре алмайды. Дегенмен айтулы оқиғаға құмартқандар тұтылу процесін SLOOH Space Camera сайтынан онлайн түрде бақылай алады.

 

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*