БҰҚАРА МҰҚТАЖЫНА – СЕРГЕК КӨЗҚАРАС

Астрахан қаласынан көшіп келген Э.Утебалиев жұмысқа орналасуды көздейді. Жоғары білімді заңгер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткен жылы тіркеліпті. Бұған дейін ұсынылған қызметтен жалақысына байланысты бас тартқан азаматтың мәселесі қоғамдық қабылдауда жан-жақты қаралды.
Аз қамтылған және жетім балалардың жоғары білім алуын жіті бақылауда ұстап отырған облыс әкімдігі «Аджип Қазақстан Норт Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясымен Ынтымақтастық туралы Меморандум жасақтаған болатын. Қабылдауға жазылған Ларисаның жиені, бүгінде Астана қаласында білім алып жатқан Александр Соловьевтің оқу ақысын төлеу мәселесі осы келісім шеңберінде шешімін тапты.
Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға тұрғын үй мәселесімен келген азаматтарға пәтердің қатаң кезекпен, әрі заңдылық шеңберінде ғана берілетіндігін түсіндірген облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов азаматтардың өтініштері әрдайым бақылауда тұратындығын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*