АЗЫҚ – ТҮЛІК БАҒАЛАРЫ – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

 Облыс әкімінің бірінші орынбасары бастаған топ «Дина» базарында да болып, мұндағы бағаның тұрақтылығына тағы да көз жеткізді. 

– Екі сауда орнын араладық. Байқағанымыздай, азық-түлік бағасы тұрақты. Халық арасынан да абыржу, қапшықтап тамақ алу жағдайлары байқалмайды. Бәрі бұрынғы қалпында, алаңдауға еш себеп жоқ. Өнім қорымыз жеткілікті. Тұрақты қордағы картопты 81 теңгеден сатып жатырмыз, сапасы да жақсы. Қазір төрт топ қаладағы азық-түлік сауда орындарын бақылап жүрміз. Кей өнімдерге баға төмендеп те жатыр екен. Сондықтан, алаңдауға еш негіз жоқ, – деп, облыс басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев тұрғындарды сабырлылыққа шақырды. 

Топ құрамында болған қала әкімінің орынбасары Амантай Айтбаевтың айтуынша, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен тығыз қатынаста жұмыс жүргізілуде. 

– Облыстық тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары қаланың 35 жерінде сатылуда. Ал, бүгін «Дина» базарында тағы да қосымша бір нүкте аштық. Алдағы уақытта мұндай орындарды көбейтуге жұмыстанатын боламыз, – дейді қала әкімінің орынбасары.   

 

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*