Қазыналы аймақтың бүгінгі тынысы

Кезінде мемлекетке тонналап мұнай берген Мақаттың бүгінгі тыныс-тіршілігінде оң өзгеріс көп. Қазір мұнда 30 мыңнан астам адам тұрады. Жұмыс жасындағылардың «қара алтын» өндіруден өзге де айналысатын кәсіптері бар. Жергілікті жерде шағын және орта кәсіпкерлік саласында еңбек ететіндердің саны өсуде. Ауыл шаруашылығына бет бұрған 16 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Ауданның биылғы алғашқы жартыжылдықтағы жетістіктеріне үңілсек, цифрлар былай «сөйлейді»:

45

Қаржы

Аудандық бюджеттің кірістер бөлігі 767,2 млн. теңге көлемінде жоспарланып, нақтысында 1089,8 млн. теңге түсті. Жоспар 142,0 пайызға орындалды.

Кәсіпкерлік

Ауданда 1316  шағын және орта кәсіпкерлік субъектіcі бар. Оның ішінде 81-і заңды тұлға, 1216-ы жеке кәсіпкер. Жаңадан екі кәсіпкерлік нысаны іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алушылар – 10, алынған несие – 63,8 мың теңге.

Әлеуметтік сала

Жұмыссыздар саны – 1052. Соның ішінде жұмысқа орналасқаны – 653 адам. 991 жұмыс орны құрылды. Ресми түрде 736 адам тіркеліп тұрса, 53-і кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға жіберілді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 25 отбасының 128 баласына тағайындалды.

Білім беру

Мақат ауданында 10 балабақша, 8 мектеп жанындағы  шағын орталық бар. Бір жекеменшік «Сириус» оқу орталығы жұмыс жасайды. Жергілікті жерде 7 жасқа дейінгі баланың саны – 5333. Үш-алты жастағы бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 93,6 пайызды құрайды.

Білім беру бөліміне қарасты 9 мектеп бар. Соның 7-уі орта білім беретін оқу орны. Оқушы саны – 5658. Білім сапасы 49,3 пайызды құрады. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны – 2971.

Денсаулық сақтау

Мақат ауданы бойынша орталық аурухана және Доссор ауылдық ауруханасы, бір-бірден емхана мен фельдшерлік-акушерлік бекет тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Алғашқы жарты жылда 319 сәби дүниеге келді. Биыл да, былтыр да ана өлімі тіркелген жоқ.

Мәдениет

Ауданда мәдениет ұйымдарының саны – 11. Соның ішінде екі мәдениет үйі, тоғыз кітапхана бар. Кітап қоры – 132 821 дана. Жыл басынан бері 187 мәдениеттік шара өтті.

Теміржол саласы

Теміржол бойымен тасымалдау көлемі 6083,2 млн. тонна-шақырым бруттоны құрады. Өсім – 113,4 пайыз. Бейнеу-Жезқазған теміржолы ашылуына байланысты, Мақат локомотив пайдалану депосында жүк тасымалы пойыздары көбейді.

Құрылыс

Осы кезеңде 14199 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде халық қаражаты есебінен салынғаны –  7315 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1051,0 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының барлық санаты бойынша мал саны – 6586. Өткен жылы  6316 болатын. Оның ішінде мүйізді ірі қара 1531, қой мен ешкі – 3413, жылқы – 1132 және түйе – 510.

Ауыл шаруашылығы өнімі

– ет 192,3 тонна, былтырғы жылмен салыстырғанда 100,4 пайыз;

– сиыр сүті 322,3 тонна, былтырғы жылмен салыстырғанда 100,3 пайыз;

– жұмыртқа 9,0 мың дана, былтырғы жылмен салыстырғанда 100 пайыз.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 35 млрд. 525 млн. теңге. Бұл өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 124,6 пайызға өскен көрсеткіш.

Аудан бойынша 209,4 мың тонна мұнай, 11,6 млн. текше метр ілеспе газ өндірілді.

Инвестициялар

Негізгі капиталға  жұмсалған инвестиция көлемі 6068,0 млн. теңгені  құрады. Өсім – 157,1 пайыз.

Азамат Базарбаев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*