Азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі келісімге қол қойылды

Махамбет ауданының әкімдігі жүзге жуық жеке кәсіпкермен әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі келісімге қол қойды.

ФОТО - ЖӘРМЕҢКЕ

Бүгінде «Алмалы құс», «Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өнімдеріне сұраныс өте жоғары.

«Ең алдымен ауыл халқын сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз ету керек. Енді ауылдық округтер бойынша күн сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп тұратын болады. Қазір жәрмеңкеде «Дастан» шаруа қожалығының мың тонналық қоймасында сақталған өнімдер арзан бағамен сатылуда. Бұдан бөлек, қазір қоймада 100 тонна жуа, 40 тонна картоп, 15 тонна қызылша, 4 тонна қырыққабат сақтаулы тұр. Жыл басынан бері ауданда осындай 58 жәрмеңке өткізілген»,-деп атап өтті аудан әкімі Сырым Рысқалиев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*