Қазақстанның Құрметті журналисі Ө.Әлімгереев «Тіл жанашыры» марапатын иеленді

Еліміздегі «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі екі жылда бір рет мемлекеттік тілге жанашырлық танытып, нақты ісімен үлес қосқандарды марапаттауды дәстүрге айналдырған. Биылғы жүлдегерлер қатарында танымал өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев те бар.

FB_IMG_1512988656214

Сонымен қатар, биылғы марапатталғандардың арасында Қазақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбаев және Қазақстанды әлемге танытқан талантты әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев сынды белгілі азаматтар бар.

«Бұл шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты шарадан соң, Президент резиденциясын аралап, Елбасы кітапханасына бардық. Әрқайсысымызға куәлікпен қатар, Елбасының жеке құттықтау хаты тапсырылды»,-дейді Қазақстанның Құрметті журналисі Ө.Әлімгереев.

Гүлжан ӘМІРОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*