Қазақстандықтар Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға қатысты интернеттен не іздейді?

Алдағы демалыста Қазақстанда Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні аталып өтеді. Осы орайда Яндекс компаниясы Ғашықтар күні қарсаңында қазақстандықтардың интернеттен не іздейтінін жариялады.
20180413104455
Ел тұрғындары көбінесе Сиви Махмуди мен Айдарбека Рысбектің орындауындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» әні туралы сұрайды екен.
Сонымен қатар бұл тақырыптағы эпостың өзі бойынша Яндекстен поэманың мәтіні мен толық нұсқасына көп қызығушылық бар. Кейбіреулер атаулы күннің датасын нақтылап, түсірілген фильмді көруге сұраныс жасайды. Көбісі халықтың осы лиро-эпостық жыры бойынша нақты мәліметтерді, Қозы Көрпешке қатысты шежірені іздейді. Сонымен қатар, интернет пайдаланушылары бас кейіпкерлердің басқа да есімдерін іздеуге тырысады.
Айта кетсек, 15 сәуір күні елімізде жастар арасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», яғни «Ғашықтар күні» аталып өтіледі.
Ирина Алмас

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*