Қазақстандық таңба салынбаған зергерлік бұйымды сатуға тыйым салынады

Елімізде «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңның жаңа нормалары күшіне енді. Осыған сәйкес, Қазақстанның өзіндік сынама таңбасы жоқ асыл бұйымдарды сатуға рұқсат берілмейді. Бұл туралы техникалық реттеу, метрология және стандарттау саласындағы мәселелер бойынша Атырау облысының өңірлік  штабының отырысында айтылды.

14881284_321858331526789_1840121818_o

Облыстық әкімдікте өткен жиынға штаб мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Атырау облысы бойынша филиалы, сәйкестікті растау мекемелері мен сынау зертханаларының өкілдері, шағын және орта кәсіп иелері қатысып, заңдағы жаңашылдықты талқылады.

Белгілі болғанындай, бұған дейін сатылымдағы зергерлік бұйымдарда Қазақстанның арнайы белгісі мүлдем болмаған. Жаңа заңдылыққа сәйкес, ендігі уақытта әшекейлерде міндетті түрде еліміздің және тауарды өндіруші орынның белгісі салынатын болады. Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс бұйымдардың жасанды еместігін ай-ғақтайды.

«Біріншіден, аталған әрбір тауарда өндірушінің өз белгісі болуы тиіс. Екіншіден, қазақстандық таңба көрсетілуі керек. Онда «барыстың басының» суреті мен халықаралық «KZ» жазуы бейнеленеді. Бұл белгілерді салатын арнайы орын Астана, Алматы қалаларында бар. Егер осы талаптар орындалмаса, тауарды сатуға тыйым салынады» деді Техникалық реттеу, метрология және стандарттау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Елеусінова.

Жиынға қатысқан кәсіп иелері бұйымдарды сынама салдыру үшін өзге қалаларға тасу олардың қаржы және уақыт шығындарына ұшырауына әкеп соғатындықтарын айтты.

Сондай-ақ, отырыс барысында жақында күшіне енген Еуразиялық экономикалық кеңесінің «Электротехникалық және радиоэлектротехникалық бұйымдарда қауіпті заттарды қолдануды  шектеу туралы» заңдылықтың техникалық регламенті жөнінде «Каспий өңірлік сертификаттау орталығы» ЖШС-нің Атырау қаласындағы филиалының директоры Айдар Асылкенов  баяндады.

Алтыншаш Құрмашева

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*