Қазақстандық оқушы Мединада қайғылы қазаға ұшырады

Қазақстанның бастауыш мектеп оқушысы Мединада қайғылы қазаға душар болды. Ұл бала баспалдақтан құлап кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы GDN Online сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

pogudx53iqenmtitj.92803dff

Кореялық Мухаммед аль-Кушаири мектебінің бастауыш сыныбында оқитын Ахмед Нұр баспалдақтан құлап, ауыр жарақаттан қаза болды. Видеода баланың темір баспалдақта секіріп ойнап жүргені байқалады. Сол арада мұғалім өзге оқушылармен сөйлесіп отырған.

Кенеттен оқушы төмен қарай құлдилап, жерге құлап түседі.

Оқушының қазасына қатысты есеп жақын арада беріледі дейді Мединадағы Білім басқармасы. Желі қолданушылары мектеп оқушылар қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз ете алмады деген пікірде.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*