Қазақстандық ғалым жусаннан косметикалық өнім ойлап тапты

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

Аtr.kz/13 мамыр, 2019 жыл. Қазақстандық ғалым жусан мен жантақтан бірнеше косметикалық өнім ойлап тапқан. Ерекше өнімдер елордада өткен отандық өндірушілердің 5-ші көрмесінде ұсынылды.

Биотехнолог Сәуле Мұсаева тау мен дала шөптерінен, арпа мен сұлыдан емдік косметика жасауды қолға алған.

«Жусанның емдік қасиеті туралы көптеген зерттеулер бар. Соларға сүйене отырып, оны бірнеше косметикалық өнімнің құрамына қостық. Шашқа арналған емдік сусабын мен бетке арналған жақпа шырынды дала жусаны пайдалы ферменттермен байытатынын дәлелдеп шықтық. Ал жусанды жантақпен араластырып, ішек құрылысын тазартатын ұнтақ ойлап таптық» – дейді кәсіпкер Зәуре Мұсаева.

Көрме барысында табиғи өнімдерге желілік сауда компаниясы қызығушылық танытып, Қазақстан бойынша таратып сатуға ұсыныс білдіріпті.

«Қазақстандық өнімдердің пайдалы тұстары көп. Мысалы Жапонияға қоныс аударған кейбір жерлестеріміз біздің өнімдерді тапсырыспен алғызып тұрады. Астананың желінен бетін қорғағысы келген әйелдер де жиі келіп жүр. Алматыда да сауда нүктеміз бар. Біздің өнімдердің еуропалық баламалары 20-30 есеге қымбат. Ал әсері бірдей. Қазір өндіріс жартылай автоматты режимде жұмыс істеп тұр» – дейді Зәуре Мұсаева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *