Қазақстанда Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайды

Тұрғындар сұранысының артуына байланысты «Жолаушы тасымалы» АҚ Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздарды шығарды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_6939

Қосымша пойыздар төмендегі бағдарлар бойынша қатынайды:
«Астана Нұрлы жол-Павлодар» бағытында №174/173 пойыз 1 рейс жүреді. Пойыз Астанадан 30 желтоқсан күні 23 сағат 50 минутта жолға шығып, Павлодарға 31 желтоқсан күні 05 сағат 46 минутта жетеді. Кері бағытта Павлодардан 31 желтоқсан күні 09:15-те жүріп, Астанаға 31 желтоқсанда 15:15-те жетеді.

«Астана Нұрлы жол-Шымкент» бағытында №178/177 пойыз 2 рейс жасайды. Пойыз Астанадан 27 және 29 желтоқсан күндері 22:30-да жолға шығып, Шымкентке 28 және 30 желтоқсан күндері 17:05-те жетеді. Кері бағыттағы пойыз Шымкенттен 28 және 30 желтоқсан күндері 18:05-те жолға шығып, Астанаға 29 және 31 желтоқсан күндері 12:54-те жетеді.
Еске сала кетсек, бұрын мереке күндері сұранысы жоғары бағыттар бойынша қосымша тағы 15 пойыз шығарылған болатын.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*