Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруді бақылау күшейтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің шешімімен енді 25 аудандық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшесінде алғаш рет жүргізуші куәлігін алатын тұлғалардан емтихан қабылдау және куәлік беру жүргізілмейді. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК Facebook-тағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
20161005125613
«Қазіргі таңда Арнайы ХҚКО-лардың жұмыс тәжірибесін сараптай келе, жемқорлыққа жол бермеу мақсатында 25 аудандық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшесінің жүргізуші куәлігін алғаш алып отырған жүргізушілерге мен емтихан қабылдау және куәлік беру құқығын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл бөлімшелер Арнайы ХҚКО-ларға және ІІБ ірі тіркеу-емтихан бекеттеріне жақын маңда орналасқан. Ал жүргізуші куәлігі бар азаматтар бұрынғыша аталмыш бөлімшелерден куәлік телнұсқасын алуларына немесе ауыстыруға болады», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Хабарламада аталып өткендей, жүргізуші куәлігін бірінші рет алатын азаматтар тек Арнайы ХҚКО-лардан, қалалық және ірі ауданаралық тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшелерінен ала алады.
«Сонымен қатар, емтиханды арнайы комиссия қабылдайтын болады. Комиссия құрамына қоғамдастық өкілдері мен басқа да ІІБ қызметкерлері кіреді», – деп түсіндірді ведомствода.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*