Қазақстанда «түнгі соттар» енгізілуі мүмкін

Қазақстанда Сингапур сот жүйелерінің тәжірибесіне сүйене отырып «түнгі соттар» жобасын енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Жоғарғы соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова мәлімдеді.

law-11a

«Тәртіп бұзушы өз кінәсін мойындап, келтірілген шығын көлемімен келіскен және екі жақ тарап істі жұмыстан тыс уақытта қарауға келіскен жағдайда әкімшілік істер, мысалы 19.00-22.00 аралығында қаралуы мүмкін»,-деп жазады ол Facebook желісіне.

Судьяның айтуынша, аталған мезгілде жол көлік оқиғасы, жол тәртібін бұзу, отбасылық кикілжіңдер, миграция мәселелерін қарастыруға болады. Осы ретте Жоғарғы сот тұрғындардан тағы қандай істі түн мезгілінде қарауға болатыны туралы ұсыныстар күтетінін айтты.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*