Қазақстанда Getcontact іске қосылды

Қосымшаның жаңа нұсқасының ескісінен тек түсінде айырмашылық бар. Енді Getcontact сары түсті болады.

3d0bd1180713b196f4ec244584d19c0b_crop_l_6_t_7_w_718_h_404_resize_w_520_h_

Қазақстанда Getcontact қосымшасы қайтадан іске қосылды. Оның ескі нұсқасының түсі көк болатын.

Еске сала кетейік, 9 ақпанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі GetСontact қосымшасына қолжетімділікті шектеді. Себебі, аталған қосымша «Жеке деректемелер және оларды қорғау туралы» заңды бұзған болатын.

GetContact Қазақстанда аз уақыт ішінде танымал болып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. Ол арқылы кез келген адам қосымшаға өз телефон нөмірін жазып, басқа қолданушылар нөмірін қандай атпен сақтап қойғанын білуге болады.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*