Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа көлік паспорты енгізіледі

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда көлік құралдарының электронды паспорты енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының Facebook желісіндегі парақшасында айтылады.

20160629113036

Электронды паспорт арқасында автомобиль “өмірінің” толық тарихын, оның ішінде шектеулер мен қиындықтары, техникалық қызмет көрсету сапасы мен көлемі, көлік құралдарының жол-көлік оқиғаларына түскен-түспегені жайлы мәліметтер беріледі.

Электрондық паспорт Еуразиялық экономикалық одақта құжат рәсімдеуді оңайлатады және бизнестегі операциялық шығындарды азайтады. Сонымен қатар, көлікті пайдаланудың барлық кезеңінде ашықтығы мен қалай күтілгені жайлы мәліметі енгізіледі.

Электронды паспортқа көліктің немесе мотоциклдің өндіріліп, ЕАЭО-ға кірген уақытынан бергі тарихы жазылады. Бұл құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін жояды деп күтілуде. Болашақта мінілген көлікті сатып алғысы келген адам оның тарихымен арнайы порталдан көре алады.

“Электрондық паспортқа бірте-бірте өтеміз. Паспорт ЕАЭО елдеріне бірдей болады”, – делінген хабарламада.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*