Қазақстан – үздік елдер рейтингінде 71-орында

Қазақстан US News & World Report тұжырымы бойынша ең үздік елдер қатарына кірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20160430121052

Портал тұжырымы бойынша, алғашқы ондық мынадай: Швейцария, Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Швеция, АҚШ, Аустралия, Франция және Норвегия. Қазақстан бұл тізімде 71-орында тұр және рейтинг бойынша Украина, Пәкістан, Ангола, Ливан, Нигерия, Алжир, Иран және Сербияның алдында тұр.

Тізімге жалпы 80 мемлекет кірген. Авторлар Қазақстанның мұхитқа шығатын жолы жоқ ең ірі ел екенін, басым бөлігі Орта Азияда және аздаған бөлігі Шығыс Еуропада орналасқанын атап өтті.  Әрбір ел 65 белгі бойынша таңдалды. Сауалнама бойынша белгілі бір сипатқа көбірек ие болған елге баға берілді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*