Қазақстан нарығына – сапалы жанармай

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов бастаған арнайы топ Атырау мұнай өңдеу зауытында болды. Комиссия құрамындағы  халық қалаулылары Қабиболла Жақыпов, Арман Қожах-метов, Марат Бопазов және Сәкен Өтебаевтар кәсіпорында жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты.

жаңалықтар

Мұнайды тереңдете өңдеу кешенінің құрылыс аймағын аралаған олар жуырда пайдалануға берілген нысандарға да куә болды. Осындағы қызметкерлермен жүздесіп, жұмыс барысымен танысты. Кешен құрылысының толық аяқталуы осы жылдың 3-4 тоқсанына жоспарланып отыр. Бұл елімізге не береді десек, ішкі нарықтың қажеттілігін өтеу үшін маңызды мұнай өңдеу тереңдігі мен моторлы отын өндірісінің көлемін арттыруға жол ашпақ. Оның үстіне, өндірілген өнім Кеден Одағы бекіткен техникалык регламенттер – «К4» және «К5» секілді экологиялық талап кластарына толықтай жауап береді.

– Елбасы «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде еліміздегі мұнай өңдеу көлемін 17 миллион тоннаға дейін жеткізу қажеттігін баса айтқан еді, – деді Аманжан Мәкәрімұлы. – Бұл міндет Атыраудан өзге Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына да жүктелген болатын. Осы ретте біз Атырауға келіп, осындағы таңғажайып технологиялық үрдісті көзбен көргенімізге қуаныштымыз. Ең бастысы, жаңғырту жұмыстары өнді-ріске кедергі келтірмей іске асырылуда.

Өз кезегінде депутат мұнай-газ саласындағы Президенттің келесі жылға жүктеген міндеттері толықтай орындалатынын жеткізді. Осыдан кейін серіктестікте алғаш рет «Индустриалды даму» бағытында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы аясында Парламент Мәжілісінің көшпелі отырысы өтті. Онда еліміздің энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары ішкі нарықты бәсекеге қабілетті мұнай өнімдерімен қамту мәселелерін талқыға салды.

Амандық АБДОЛ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*