Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиынына қатысты

Орталық коммуникациялар қызметінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының басымдылылығына арналған баспасөз-конференциясы болып өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев қатысты.

_dsc0446

«Бір тәулік өтпей Нью-Йорк қаласында Сырты Істер министрі  Қайрат Абдрахмановтың қатысуымен алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әлемдегі бейбітшілік пен қақтығыстарды болдырмау» тақырыбында ашық жиын өткенін атап өтті Ержан Ашықбаев.

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты. Нью-Йорк қаласында өткен шара аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауын таныстырды.

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері және БҰҰ елдерінің өкілдері пікірталастар барысында шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау саласындағы өздерінің ұлттық басымдықтары туралы мәлімдеді, сондай-ақ бүкіләлемдік Ұйым қызметінің осы басымдықты бағыттары бойынша жаңа Бас хатшының жұмысына қолдау білдірді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*