Қазақша жазылған диктант

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында ашық диктант жазу өткізілді. Елорданың 20 жылдығына арналған шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің бастамасымен жүзеге асты.

????????????????????????????????????

«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды ту еткен ашық диктанттың ашылу салтанатында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлмира Шәкірова жалпықазақстандық акцияның патриоттық идеясының маңыздылығына тоқталды. Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен диктантқа 100-ден астам оқушы мен студент белсенділікпен қатысты.

Жалпықазақстандық ашық диктантқа өңірден әр түрлі ұлт өкілдері, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары мен мемлекеттік қызметкерлер, барлығы 5000-нан астам адам ниет білдірді. Сонымен қатар, ашық диктант Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Атырау мұнай және газ университетінде, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында және колледждерде ұйымшылдықпен өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара жастар арасында сауаттылық деңгейін, мемлекеттік тілде жазу, сөйлеу дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*