ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ОНЫҢ ТАРИХЫ ҚЫТАЙДАН ТАБЫЛДЫ

 

Оның айтуынша, 283 томға жеткен мұрағат құжаттарының көшірмесі негізінен 1730 жылдың соңы мен 1911 жылдың ортасына дейінгі кезеңдерді қамтып, қазақ-қытай арасындағы саяси, сыртқы саяси және экономикалық қарым-қатынастар шеңберін аша түседі. “Мұндай бірегей байланыстарды білдіретін мұрағат құжаттарын мұқият зерделеуге кірісіп жатырмыз. Ең бастысы, қазіргі таңда да үлкен мәнге ие мұндай хатқа түскен байланыстар арқылы біз дәл сол уақытта орын алған сыртқы байланыстар туралы нақты деректерге қанығатын боламыз. Біздің мақсатымыз Қазақ хандығы тарихын осындай бірегей құжаттар арқылы қалыпқа келтіру болып табылады”, – дейді М.Әбусейітова. Оның сөзіне қарағанда, мұрағаттар арасында 72 мыңға тарта құжаттар анықталған. “Осы қытай мұрағатында бізге әлі де сыры ашылмаған үш мыңнан астам құжат бар, біз солармен жұмыс істеуге тиіспіз”, – деді ол.

Өз тілшіміз

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*