Азғырға газ келеді!

Қазіргі таңда Атырау облысының ауылдық елдімекендерінің 79,2%-ы толықтай газдандыру жүйесімен қамтылып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың есеп беру жиналысында белгілі болды.

газ 1

Айта кету керек, өткен жылы ұзындығы 110 шақырым болатын апатты жағдайдағы «Индер-Махамбет» магистралды газ құбыры толықтай ауыстырылды.  Енді Құрманғазы ауданындағы Азғыр өңірінің елді мекендеріне де «көгілдір отын» тартылатын кез алыс емес. «Азғыр өңірінің 10 елдімекеніндегі газ құбыры желісінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сондай-ақ, Қызылқоға және Исатай аудандарының шағын елді мекендерін газдандыру жоспарланып отыр» деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*