Қайырымды инспектор

Жуырда атыраулық полицейдің қайырымды ісі көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол көрініс ел назарынан елеусіз қалуы да мүмкін еді. Алайда, куәгер оқиғаны суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін белгілі болды.

кайрымды инспектор

…Сол күнгі ыстық маңдайдан өтіп тұрған. Көшедегі жұрт көлеңкені сағалаған сәт еді. Қызмет бабымен жүрген жол-патрульдік полиция батальонының кіші сержанты Тұрарбек Сатыбаевтың  тас жолдың бойында қиналған арбалы адамға көзі түседі. Жанына тоқтап, жөн сұрасады. Ол Алғабас елді мекенінің тұрғыны екен. Балықшы ықшамауданындағы базарға бармақ болыпты. Мән-жайға қаныққан инспектор мүгедек жанды көлігіне отырғызып, баратын жеріне жеткізеді.

«Қайырымды полицейге құрметіміз шексіз» деп алғыс айтады көпшілік.

Азамат Базарбаев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*