Қайыршақты ауылдық округінде кезек күттірмес мәселе көп

Халқының саны 12 мыңнан асатын қала іргесіндегі Қайыршақты ауылдық округі әкімі Шапхат Қалиев ел алдында есеп берді. Әкімнің айтуынша, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі жаман емес, кәсіпкерлік, әсіресе, шаруа қожалықтарының өнімдерін арттыру мақсатында ауқымды істер атқарылуда.

Жол мен жарық керек

«Округте ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Барлығы 51 шаруа қожалығы тіркелген. Егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары егістік алқаптарында жаңа технологияларды пайдалануда. Бүгінде көлемі 3,0 га болатын жеті жылыжай жұмыс жасайды.  Қаланың бас жоспарына сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасымен Талғайраң ауылынан 60 тұрғын үй құрылысы жоспарланған болатын. Бүгінде 24 үйдің құрылысы жүруде»,-деді округ әкімі.

Сонымен қатар, Жұлдыз ықшамауданында 624 орындық мектеп құрылысы жүріп жатса,  Томарлы ауылындағы 400 орындық мәдениет үйі  мамыр айында пайдалануға берілмек.

Есепті жиын барысында Бесікті ауылының тұрғыны Айтқали Балғожин балабақша мен мектептің электр желілерін жаңарту қажеттігін айтты. Ал, Томарлы-2 ауылының тұрғыны Қайрат Бектенов П.Аманғалиев көшесіне жол салу, түнгі жарық желілерін жүргізу мәселесін көтерсе, Гүлшара Шаданова Жайық өзені жағалауын көтеру, бекіту кезек күттірмейтін мәселе екенін алға тартты.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*