Қайын ағасын өлтіре жаздаған атыраулыққа сот үкімі шықты

Қайын ағасын өлтіре жаздаған атыраулыққа сот үкімі шықты. Бұл туралы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

pogudx6v7ifdr26c3.64dd275a

2017 жылы Қарақалпақстан азаматы жұбайымен келісе алмай, әйелі ағасының жұмыс орнына кетіп қалады. Айыпталушы азамат жолдасының артынынан барып, жұбайын алып кетпекші болғанда, ағасы бөгет жасаған.

Күйеуі қайын ағасынан кек алуды ойлап, пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Нәтижесінде жәбірленуші ауыр халде Атырау облыстық ауруханасының  жансақтау бөліміне жеткізіледі.

Сот барысында айыпталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24-бабының 3- бөлігі, 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*