«АЙНАДАЙ» – ӨЗІМІЗДІҢ ӨНІМ

Сөйтіп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Атырау облыстық өкілдігінен 6 млн. теңге несие алып, жолдасы Айбек Нұрғалиев екеуі отбасылық кәсібін бастап кетеді. Осылайша, Қазақстанда алғаш болып Астанадағы кәсіби технолог Маржан Досмағамбетованың формуласымен фосфатсыз өнім (рұқсат берілген сертификаты да бар-авт.) өндірілді.
Әрине, дүкен сөрелерінде «самсап» тұрған кір жуғыш ұнтақтың саны мен сапасында есеп жоқ. Бірақ, олардың барлығының да құрамында денсаулыққа кері әсер ететін фосфат бар. Біле білгенге химиялық элементтің зияны шаш-етектен. Бұл сөзімізді атыраулық дәрігерлер де растап отыр. №1 қалалық емхананың жалпы практикалық дәрігері Арай Ғабдулова тұрмыста қолданылып жүрген ыдыс және кір жуатын тауарлардың құрамында 55 мыңнан астам біздің ағзамызға қауіпті химиялық қоспалар бар екендігін айтады. Олар көзге, тыныс алу жолдарына әсер етіп, жүйке жүйесі ауруларына шалдықтыратын көрінеді.
– Соңғы жылдары тұрмыста қолданылатын химиялық заттар түрі өте көбейіп кетті. Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ сияқты жуынуда, кір жуу процесінде қолданылатын заттардың құрамында әр алуан химиялық қоспалардың бар екені шындық.
Фосфат кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шындығында, жуылған кір 2-3 рет қана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан шығады. Теріні де шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші, – дейді ол.
Бізбен әңгімесінде Эльмира Кибаева өніміне фосфатты мүлде қоспайтынын, оның орнына элементтер кәдімгі топырақтан алынатынын айтты.

Осы арада қызығушылықпен біз бірнеше сұрақтарымызды да қойып үлгердік.

– Неге өнімдеріңіздің аты «Айнадай» деп аталады? Отандық өнімдерді біліңкірей бермейтін тұтынушылар тауарыңызды алмай қалады деп қорықпайсыз ба?
– Иә, жолдасым екеумізге ондай ұсыныстар айтылды. Бірақ «Айнадай» сөзі мөлдір, таза дегенді білдіреді ғой. Өніміміз осындай болғандықтан «Айнадай» деп коюды жөн көрдік. Оның үстіне, біздіңше, қазақ елінің өнімі қазақша аталуы тиіс. Мейлі, ол шетел асса да, осы атауымен қалғаны жөн.
– Цехтарыңыздың ашылғанына бір жылға жуықтап қалыпты. Осынша уақыт ішінде қанша жанды жұмыспен қамтыдыңыздар?
– Жалпы, кір жуғыш ұнтақ шығару үшін көп технологияның қажеті жоқ. Құрамындағы элементтердің жетпіс пайызын Ресей, Германия, Татарстан елдерінен алдырып отырмыз. Түптеп келгенде, соның көпшілігін өзімізден шығаруға болады. Қазірде цехымызда үш жұмысшы жұмыс жасайды. Енді кәсібімізге ІІІ, ІІ топтағы мүгедектерді еңбекке тарту ойымызда бар.
– Өнімдеріңіз әлі қаладағы дүкендерден көрінбейді ғой…
– Иә. Жаңа өнімімізді алдымен ауыл тұрғындарына саттық. Сосын қалаға әкеліп, дүкен, супермаркеттерге тараттық. Өзіміз жұмысымызды енді ғана бастап жатқандықтан ба, көпшілік «Айнадайды» білмейді. Әбден аяқтай барып таныстырып, көз жеткізгенде ғана байқап, кейін көбірек сатып алып жатыр. Ал, супермаркеттер өніміміз «белгісіз» болғандықтан алмай қалды. Олар бұрыннан бері пайдаланып жүрген брендті тауарларға сұраныс көп болуы себепті біздікінен әзірге бас тартып отыр.
Дегенмен, мемлекет тарапынан «еңбектенемін, кәсібімді ашамын» деген жандарға көмек көрсетіліп жатқанын сезіндік. Облыс басшылығы да ісімізді қолдауда.
– Бағасы айтарлықтай қымбат емес екен…
– Әзірге көтерме саудада бір кір жуғыш ұнтақтың бағасы 200 теңге, оның себебі құрамындағы қоспаларды шетелден сатып алғандықтан болып отыр. Мәселен, түрлі-түсті қаптамасын Астанадан алдырамыз. Бүгінгі таңда тек кір жуғыш машиналармен жууға арналған, лимон иісі бар ұнтақ өндірудеміз. Бір айта кетерлігі, «Айнадай» жақсы шайылады. Киімде, кір жуғыш машинада ұнтақ қалдықтары қалмайды. Экологиялық таза, ағзаға, қоршаған ортаға зиянсыз, судың кез келген температурасы мен тұзды құрамына қарамастан кірді жақсы жуып кетіреді. Суда жақсы ериді, кесектенбейді. Біз сонымызбен мақтана аламыз.
Мұнайлы өңірдегі шағын кәсіпкерлікті өркендетуге үлес қосып, елімізде алғаш боп экологиялық таза кір жуғыш ұнтақ шығарып жатқан шағын цехтың келешегінің кемел боларына біз де сенім білдірдік.

Айбөпе САБЫРОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*