Аймақ экологиясына – айрықша назар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Ищанов пен Сәрсенбай Еңсегенов облысымызға келген жұмыс сапары барысында Дамбы ауылы маңындағы Солтүстік Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасының жұмысымен танысты.

парламент депутаттары – ел ішінде2

Жобаның негізгі мақсаты – Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты қайраңының солтүстік бөлігіндегі Қашаған кенішінде мұнай өндіру кезінде апат орын алған жағдайда дереу әрекет ету және теңіздің, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Айта кетейік, 2013 жылы база ресми түрде НКОК компаниясына жалға берілді.  Қазір мекемеде 40-тан астам жергілікті тұрғын қызмет етеді. Кәсіпорын жұмыс қарқынын арттыру мақсатында жаңа технологиямен және көлікпен толығуда.

– Солтүстік Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасы тұрғындар үшін қажет дүние деп ойлаймын. Ол алдағы күндері техникалары жетілдіріліп, қыстыгүні де тоқтаусыз жұмыс жасайды деген ойдамын. Әзірге тек жазда қызмет етіп тұр, – дейді  Сенат депутаты Қайрат Ищанов

Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытының директоры Ғилман Сәрсемалиев Сенат депутаттарын бағалы балықты өсіру, көбейту бағытындағы жұмыстармен таныстырды. Өз кезегінде сенаторлар Жайық жағалауындағы ондаған жүзу, балық аулау кемелерінің қазіргі жай-күйіне  алаңдаушылық білдірді.

Атырауда инфекция жұқтырған сәбилер саны артуда. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына тек соңғы бір тәулік ішінде 67 бала түскен. Қазір ашылғанына бір ай ғана болған бұл ауруханада 200-ге жуық сәби ем қабылдауда. Олардың басым көпшілігі жедел респираторлы вирустық инфекциясын жұқтырған. Науқастарға 170 маман дәрігерлік көмек көрсетуде. Бұл күні медициналық мекемеге бас сұққан Мәжіліс депутаттары ауруханаға түскен сәбилердің ата-аналарымен тілдесті, ақ халаттылардың жұмысына оң баға берді.

– Аурухана ғимараты стандарт бойынша салынған, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтанған, білікті мамандары бар екендігіне көз жеткізіп тұрмыз, -деді  мәжілісмен Зәуреш Аманжолова.

Мәжіліс депутаттары Атыраудағы бір реттік шприцтер шығаратын «Brando»  зауытына да ат басын тіреді. Зауыттың ашылғанына биыл жеті жыл. Айта кетейік, бұл мекеме облыстағы барлық денсаулық сақтау нысандарын өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Тіпті, отандық өнімді шетелге де экспорттаған. Алайда, биыл сұраныстың аздығынан зауыт басшылығы жұмысшыларды қысқартумен қатар, өнім көлемін де азайтуға мәжбүр  болған.

Зауыттың коммерциялық директоры Аслан Ғабдуллиннің айтуынша, өткен жылы 120 млн. дана шприц шығаруды қамтамасыз еткен кәсіпорынның биыл-ғы тапсырысы екі есеге азайған.

Мәжілісмендер бейсенбі, жұма күндері Құрманғазы, Мақат аудандарында болып, тұрғындармен кездесті. Олар Парламент қабырғасында қабылданған жаңа заңдар туралы әңгімелеп, халықтың көкей-індегі сауалдарға жауап берді.

Бақытжан ЖҰМАТ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*