Аймақ басшысы ұсынылған жобалардың бір-біріне ұқсастығын сынға алды (ФОТО)

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

ЕАС 003

Онда екі мәселе талқыланды. Біріншісі, аталған бағдарлама аясында өңірде атқарылған жұмыстар жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев баяндады. Оның айтуынша, бекітілген 86 жобаның осыған дейін 22-сі жүзеге асырылған. Қалғаны 2017-2018 жылдарға жоспарланған. Бұл бағытта 155 миллион теңге қаражат бөлінді. Осы ретте, облыс бойынша ұсынылған 162 ұсыныстың 43-і іріктеліп алынған.

ЕАС 103

Екіншісі, алда атқарылар міндеттер мен жаңа жобаларды бекіту мәселесі бойынша облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрлыбек Ожаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов баяндама жасады.

ЕАС 021

Бір атап кетерлігі, ұсынылған жобалардың бірқатары бір-біріне ұқсас болса, енді бірі күнделікті атқарылатын жұмыстар аясында қалған. Осыған орай, аймақ басшысы жаңа, тың идеялар керек екенін ескертті.

ЕАС 038

ЕАС 033

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*