Айгүл ИМАНБАЕВА: «Атырау жасандылықты кешірмейді»

Айгүл Иманбаева  – халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген әнші,  тележүргізуші, бір сөзбен айтқанда, талантты өнер иесі. Ол жұртшылыққа «Ұят болмасын» атты телебағдарлама арқылы кеңінен танымал болды. Бұдан кейінгі еңбек жолы Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театрында жалғасты. Жақында осы театр гастрольдік сапармен Атырауға келген еді. Өнер иелерінің қойылымдарын тамашалауға жиналған көрермендер көп болды.  Әсіресе,  Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» атты қойылымындағы Хадиша  рөлін өте сәтті ойнаған Айгүлді бір қолы босағанда сөзге тартқан едік.

Атырау жасандылы__ты кеш¦рмейд¦

– Атырауға қош келдіңіз? Кино мен театрды, оған қоса әншілікті, теледидарды қатар алып жүруге уақытты қайдан табасыз?

– Бұл менің өмірім емес пе? (күліп). Менің ең басты уақытымның маңызы да, түйіні де, өмірімнің мәні де, сәні де – өнер. Оның ішінде, әсіресе, театр мен кино және эстрада, теледидар саласын бөліп-жара алмаймын.  Менің ұғымымда «әртіс» деген тәрбиеші деп түсінемін. Сол ұғымға сай осы мамандықты әлім келгенше әр қырынан, әр саласынан көрерменге тарту етуге тырысып жатамын. Менің мамандығым – музыкалық драма бөлімі, соның ішінде, әнші және актерлік.

Екінші мамандығым – телерадиожурналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің телерадиожурналистика бөлімін тәмамдадым. Ол саладан да  еңбегімнің жемісін көріп жүрмін. Қазіргі таңда шәкірт тәрбиелеудемін.  Музыкалық драма бөлімі бойынша 20 студентім бар, соның  біреуі – Атыраудың баласы. Өнерді  шын сүйіп, шын қызмет жасасаң, жемісін береді.

– Сонымен қатар, сіз танымал әншісіз. Бұл бағыттағы жоспарларыңыз қандай?

–  Қазан немесе қараша айының соңында Алматы қаласында өзімнің есеп беру концертімді беру жоспарда тұр. Құдай қаласа, студенттер сессиясын тапсырып, тарағаннан кейін сол жұмысқа кірісемін.

– Атырау көрермендері сізге қандай әсер қалдырды?

– Атырау — өзімнің қалам ғой! Сол себептен сағынып келемін, аңсап келемін. Бұл жақтың қонақжайлығы, қазақылығы, кішіпейілділігі, өнерге деген құрметі ерекше.  Қазақстанның әр өңірі өзінше ерекше ғой, бірақ, Атырауда жасандылық жоқ, бұл жақтың адамдары өңменіңнен өтетін өткір көздерімен тура қарап тұрып ойын ашық айтады. Маған осы ұнайды. Осындай жарамсақтануды білмейтін, жүректі елдің алдына өзің де зор жауапкершілікпен шығасың, мұқият дайындаласың. Себебі, Атырау өтірік қылымсыған өнерді кешірмейді.

Абай Ақмұрзиев

1 комментарий

  1. Риза Алмуханова

    Иә, солай! Осыны айта білген Айгүлге рақмет!

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*