Айгүл – грант иесі

Бәрекелді!

«Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен жүзеге асып жатқан «Жарқыра» бағдарламасы бойынша үздік жоба  иегерлері анықталды.

04_57

Аталмыш бағдарламаға қатысуға  72 жоба келіп түскен болатын. Жалпы грант қоры 18,6 млн. теңгені құрады. Солардың алтауы ғана жеңімпаз атанып, өз кәсібінің жемісін көруде. Грант иегерлерінің бірі – құлсарылық Айгүл Мақтаубаева. Ол ұсынылған қаржыға құрал-жабдықтар алып, әлеуметтік шаштараз ашуды жоспарлауда. Оның басты мақсаты – жұмыссыз қыз-келіншектерді және мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті аналарды арнайы курстарда оқытып, жұмысқа орналастыру.

– Жиырма жылдың үстінде шаштараз болып жұмыс істеп келемін. «Шарға» оқу орталығын ашып, ойымды жүзеге асырудамын. Ісін жаңадан бастағандар үшін бұл – үлкен көмек, – дейді ол.

Нұрислам  ҒҰМАР

Жылыой ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*