Айдана – үздік суретші

ЖАСТАР ЖЫЛЫ

Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының қолдауымен және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен еліміздің мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті.

Айдана – үздік суретші

Мемлекеттік Әнұранды бір мезетте орындаған жастар патриоттық әндерді де тамылжыта шырқады. Тұғырлы Ту, еңселі Елтаңба, әуезді Әнұран баянды болашақ пен кемел келешектің сұлу символы бола бергей деген тілек білдірісті.

Көрермендерге викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге мемлекеттік рәміздер бейнеленген әдемі сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ, «Астананың 20 жылдығы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Оған 13 талапкер қатысып, Елордамыз бен Бәйтерегімізді, туған өлке таңғажайыптарын бейнеледі. Нәтижесінде, Айдана Нәсіпқалиқызы үздік деп танылып, қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Аман Шамар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *