Айда ұялы байланыс пен интернет орнатылады

Жер серігіне ғарыш кемелері ұшырылып, оның бетінде астронавттар тұрақты мекен ете бастағаннан кейін Айда LTE желісі қолжетімді болады, – деп хабарлайды TechCrunch. Бұл жобаға SpaceX, Nokia және бірнеше ірі авто өндірушілер қатысады.

images

Ғалымдар бұл үшін сымсыз жылдам LTE мәлімет таратушылардың стандартты түрін таңдап отыр. 5G желілеріне қарағанда LTE экстремал жағдайларда тұрақты жұмыс жасай алады екен.

Айдағы интернеттің нақты сипаттамалары туралы әзірге толық айтылған жоқ. Мамандардың сөзінше, Айдағы интернет сүйікті телехикаялар мен онлайн ойындар ойнауға жеткілікті болмақ.

Жер мен Айдың арасындағы қашықтық 384 мың 400 шақырым екенін айта кетейік.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*