«Қазақ солдатының» 100 жылдығы аталып өтті

img 20190922 wa0004 Жаңалықтар

Atr.kz/23 қыркүйек, 2019 жыл.  «Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұловтың 100 жылдығы кеңінен аталып өтті» деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі.

Мерекелік шара батырдың ескерткішіне тағзым етіп, гүл қою рəсімінен басталды.
«Сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін ерлік көрсеткен батырлар аз емес, біз олардың ерен ерлігін ескеріп мақтан тұтып, даңқты бабаларды ешқашан ұмытпауға тиіспіз» деді шараны ашқан Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.
Мерейтой аясында батырдың есімімен аталатын мектепте оның өмірінен сыр шертетін құнды жәдігерлер жинақталған мұражайға экскурсия ұйымдастырылып, шара Қайыршақты округіндегі мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Томарлы ауылында өткен мерекелік кеште батырдың ерлігін есте қалдыру мақсатында естеліктер айтылып көркем өнерпаздар өнерін көрсетті.
Кеңес одағының батыры Қ. Смағұлов 1919 жылы Атырауда дүниеге келген. Соғыстан кейінгі жылдары әр түрлі лауазымды қызмет атқарып, Атырау университетінде қызмет еткен болатын. Батырдың өмірі мен ерлігі Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болды.

img 20190922 wa0002
img 20190922 wa0003
img 20190922 wa0005
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз