Қала жағдайында ұрыс жүргізу тактикасы пысықталды (+ФОТО)

DSC 0068 Жаңалықтар

Atr.kz/7 сәуір, 2019 жыл. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында «Елді мекенге шабуылдау кезіндегі батальондық тактикалық топ» тақырыбында жалпыәскери және десанттық-шабуылдау бригадаларының командирлерімен көрсетпелі әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өтті.

A2
E98A1396
E98A2745

Сабақтардың басты мақсаты шабуылдау жасағының құрамы мен ықтимал тапсырмаларын жеткізу, командирлердің елді мекенге шабуылдауға бөлімшенің дайындығы жөнінде жұмыс ерекшеліктерін ұғынуы және шабуылдау  жасау кезінде жеке құрам мен әскери техниканың іс-қимылдарын көрсету болды.

E98A1453
A10
A6
A14

Сабақтар барысында шабуылдау жасағының құрамын таңдау және елді мекенді барлау жөніндегі мәселелер қаралды, сондай-ақ елді мекенег шабуылдау жасау кезінде батальондық тактикалық топ жеке құрамы мен әскери техникасының практикалық іс-қимылдары пысықталды.

A9
A13
A15

«Батыс» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, сабақтар тақырыптарының өзектілігі заманауи әскери қақтығыстардың сипаты мен урбанизацияланудың  (кенттенудің) жоғары деңгейі болашақта жауынгерлік іс-қимылдар көбінесе қалалық жерлерде өтетінін жоғары ықтималдылығымен байланысты болып отыр.

 
Рүстем ИГІСІНОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері, капитан.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз