Әскери бөлімде «Адалдық дүкені» бар

Айбын Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/29 тамыз, 2019 жыл. Жуырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, ҚР Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кездесу ұйымдастырды.

Кездесуді департамент басшысының бірінші орынбасары Рафаэль Төлешов ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дербес органның жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, ол кездесуге қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. «Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға немесе оларды қылмыстық процеске  негізсіз тартуға әкеп соғатын кез келген тәуекелді жою өте маңызды» деді ол.

Ал, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Альфия Әдиеваның айтуынша, Елбасының өткен жылғы Жолдауына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалық кеңселері жұмысын бастады. Кеңсенің басты мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтарға қазіргі заманғы сұранысқа сай қолайлы және кедергісіз қызмет көрсету ортасын қалыптастыру, көлемді әрі ашық қоғамдық бақылау жүргізу.

 – Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  өңірлерде жүзеге асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасының тиімділігі және қоғам індетімен күрес шаралары жергілікті биліктіңнегізгі көрсеткішінің бірі екендігін атап айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты жою мәселесінде жеке жауапты болатындығын және бұл аймақтың беделі болып табылатынын ескерткен еді, – деді ол.

Кездесу барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Р. Төлешов «Адалдық дүкені» және «Адалдық айнасы» жобаларын ашты. Жобалардың басты мақсаты – жастарды адалдыққа тәрбиелеу, адамның өзін-өзі сынауына мүмкіндік беру, отбасы құндылығына мән беру арқылы жемқорлыққа төзбеушілік, адалдық ұстанымын қалыптастыру.

Айбөпе САБЫРОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *