Автобус апатының құрбандары

Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

РЕСЕЙ. Ханты-Мансийск пен Түмен қалаларының арасындағы тасжолда автобус апатқа ұшырады.

669df146276512d348145e8c2ccbe0f1_xl

Спорттық акробатикамен айналысатын балалар командасын әкеле жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Қайғылы оқиғадан он екі адам қаза тапты, оның он бірі – бала. Тағы 34 адам жараланған. Жарақат алғандардың он екісі – аурухананың жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер тағы осынша адамның халін ауыр деп бағалады. Апатқа байланысты автобус пен жүк көлігінің жүргізушілері қамауға алынған. Оқиғаның себебі анықталуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *