АУЫЗ СУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Село орталығында төрт балабақша жұмыс жасайды. Жас ерекшелігіне қарай төрт балабақшада 20 топ бар, барлығы 455 бала тәрбиеленіп, 62 тәрбиеші еңбек етуде. Тәрбиеленушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 210 бүлдіршінге өскен. «Нұршуақ» бөбекжай балалар бақшасы ашылып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту село бойынша толықтай қамтамасыз етілген.

Село әкімі сәулет, құрылыс саласы бойынша атқарылған жұмыстарға да жан-жақты тоқталды. Округ бойынша өткен жылы тіркелген жұмыссыздар саны – 621 адам. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 206 адам тартылған.

Бұдан әрі округ әкімі «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы» бағдарламасының орындалысына, әлеуметтік мемлекеттік көмек, мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. 2015 жылы село бойынша қолға алынатын істерді саралады.

Жиналыста аудан әкімі Мақсот Сайполұлы Мұқанов сөйлеп, село халқын жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, жер бөлу жұмыстарымен жан-жақты таныстырды. Әсіресе, соңғы кездері тұрғындарды мазалап отырған ауыз су мәселесі туралы әңгімеледі. Суды тазалау қондырғысының ескіргендігін, сондықтан ауыз судың ащы екендігін, ал осы суды ұқыпсыз пайдаланып отырғанымызды ортаға салды. Келешекте ауыз су мәселесінің өте өткір болатындығын, сондықтан бұл бағытта ысырапшылдыққа жол бермеудің қажеттігін көпшілікке түсіндірді. «Қарасу» мен «Тайсойғандағы» су айдайтын скважиналардың жұмысын жақсарту мақсатында қолға алынатын шараларды тілге тиек етті. Ауыл тазалығы, төрт түлік малды даладағы жайылымды жерлерге бақтыру, мал арасындағы бруцеллез ауруын жою бағытындағы атқарылатын міндеттерді саралады.

Облыс әкімінің қолдауы арқасында ветеринария саласына жаңадан үш автокөлік бөлініп отыр. Ең өкініштісі, бруцеллез ауруымен адамдардың, оның ішінде мектеп оқушыларының науқастанып қалуы болып отыр, – деді әкім.

Жиналыста шығып сөйлегендер округ әкімінің жұмысына оң баға берді.

Мағрупа ҚАЗИХАН.

Қызылқоға ауданы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*