Ауыз су ма, кәріз суы ма? (+ФОТО)

Жаңалықтар Шаһар шырайы Экология


Аtr.kz/14 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласындағы өзіміз қызмет ететін «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдында жер асты тұрбасынан су кетіп жатқанын көріп, суретке түсіріп алғанбыз…

Жауапты «Атырау су арнасы» мекемесіне хабарласқанымызда, ондағылар бұл жөнінде білмейтіндерін және дереу бригада жіберілетінін айтты. Егер қала бойынша ыстық судың тыйылғанын ескерсек, онда ағып жатқан қандай су? Болмаса, кәріз суы ма екен? Мәселенің мән-жайы әбден белгілі болған соң қосымша хабарланатын болады.

Аман ШАМАР

Суреттер автордікі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *