АУЫЛДЫҢ ҚУАТЫ – МЫҚТЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕ

Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне мемлекет назары жыл сайын артып келеді. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі ұлғайып, жаңа бағдарламалар өмірге еніп, мемлекеттік қолдаудың жаңа институттары құрылуда.
кәсіп пен нәсіпСоның бір көрінісі – мемлекет тарапынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді қаржылық шараларының күшейтілуі.
Қор ауыл тұрғындарының шағын несиелеу жүйесіне қолжетімділігін және тиімділігін арттыруға бағытталған бірізді стратегиясы қоғам клиенттерінің табыс алуымен қатар, ауылдың инфрақұрылымы негізін қалауға және өз әл-ауқаттарын арттыруға қол жеткізуге жаңа мүмкіндіктер беруде.
Елбасының үстіміздегі жылғы 1 шілдедегі «2016 жылғы бірінші жартыжылдықта индустрияландырудың қорытындылары туралы» жиналыста сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерге сәйкес, арнайы шаралар қарастырылды.
Бұларды жүзеге асыруға «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларының қаржысы бағытталады. Бұған қатысушыларды қаржыландыру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тарапынан бірқатар бағдарламалар әзірленді. Осы бағдарламалар бойынша көпшілікке кеңінен түсінік беруді жөн санадық.
«Игілік» бағдарламасы аясында ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да ауыл шаруашылығы малдары мен құсты өсіру, басын көбейту және ауыл шаруашылық өнімін алу үшін сатып алу, сондай-ақ, мал азығын сатып алу мақсатындағы шағын несие 54 айдан аспайтын мерзімге беріледі.
«Береке» бағдарламасы бордақылау мен ауыл шаруашылығы өнімін алу үшін ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да ауылшаруашылық мал мен құсты сатып алу, сондай-ақ, мал азығын сатып алу мақсатында өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуге беріледі.
«Егінжай» бағдарламасы бойынша егін шаруашылығын дамыту, көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу мақсатында айналым қорын толықтыру үшін – 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дан аспайтын мөлшерде 36 айға дейінгі мерзімге беріледі.
«Кәсіпкер» бағдарламасы ауыл шаруашылығы саласына жатпайтын бизнес түрлерін ұйымдастыру мен кеңейтуді несиелендіреді.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының қаржысы есебінен жоғарыдағы мақсатты топтарға берілетін несие мөлшері бір қарыз алушыға үш миллион теңгеге дейін – өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуге, ал, шағын несиелерді мерзімнен бұрын қайтарған бағдарламаға қатысушыларға, олардың өз ісін кеңейтуге шағын несие алу үшін екінші рет өтініш берген уақытта бес миллион теңгеге дейін беріледі.
Бүгінгі күні отандық өнімге, соның ішінде, сүт өнімдеріне деген сұраныстың қаншалықты артып отырғанын түсіндіру артық. Сондықтан, сүт қабылдау орындарын ашуға мемлекет ерекше қолдау көрсетпекші. Осыған орай сүт қабылдау орындарын құруға және дамытуға бағытталған «Бірлік» бағдарламасы аясында сүт қабылдайтын орындарға арналған қондырғылар, сүт таситын машиналар сатып алуға болады.
Жұмыс қуаттылығы екі мың литр болатын бір сүт қабылдау орны үшін оның қуаттылығына қарай 4 млн. теңге несие беріледі. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дан аспайды. Несие 54 айдан аспайтын мерзімге беріледі.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қаржысы есебінен де ірі мөлшерде несиелер беру қарастырылуда. Яғни, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, моноқалаларда, салалық шектеусіз өз жобаларын жүзеге асыратын және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлаған кәсіпкерлер мен жұмысын енді бастағандар біздің қор арқылы он миллион теңгеге дейін несие алуына мүмкіндік бар.
Ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да ауылшаруашылық малдары мен құсты өсіру, басын көбейту және ауыл шаруашылығы өнімін алу үшін сатып алу, сондай-ақ, мал азығын сатып алу мақсатында несиелендіретін «Игілік» бағдарламасы аясында бір қарыз алушыға максималды қарыз/несиелік жүйе сомасы: он миллион теңгеге дейін – 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дық сыйақымен 54 айдан аспайтын мерзімге несиелендіреді.
«Береке» бағдарламасы аясында бордақылау мен ауыл шаруашылығы өнімін алу үшін ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да мал мен құсты, сондай-ақ, мал азығын сатып алу мақсатында ауыл еңбеккерлеріне он миллион теңгеге дейін – 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дық мөлшерде 48 айдан аспайтын мерзімге несие беру көзделген.
Егін шаруашылығын дамыту, көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қорын толықтыру мақсатындағы «Егінжай» бағдарламасы бойынша бір қарыз алушыға он миллион теңге көлемінде 36 айға дейін несие беріледі.
«Кәсіпкер» бағдарламасы аясында ауылдық жердегі ауылшаруашылық саласына жатпайтын бизнес түрлерін ұйымдастыру және кеңейту мақсатында он миллион теңгеге дейін несие 54 айға дейін беріледі, ал, айналым қорын толықтыру үшін 24 айға беріледі.
Ет, сүт және бау-бақша өнімдерін шығаратын ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға бағытталған «Ынтымақ» бағдарламасы аясында сервистік дайындау орталықтарына қажетті техника және құрал-жабдықтар сатып алу, айналым қорын толықтыру үшін 50 млн. теңгеге дейін несие техника және құрал-жабдықтар сатып алу үшін 84 айға, ал, айналым қорын толықтыруға 60 айға беріледі.
«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ сүт қабылдау орындары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға шағын несие бөлуді бастады.
P.S. Қазіргі таңда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған Қазақстан үшін ауыл шаруашылығын дамыту, оның ішінде, ет және сүт саласына басымдық беру мәселесі өзекті болып тұр. Сол үшін мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешенін дамытуға осындай ұшан-теңіз көмек көрсетілуде. Ауылда тұрып, кәсібін ашуға, одан нәпақасын көруге ниеті бар азаматтар мемлекеттің бұл қолдауынан шет қалмайды деп үміттенеміз. Ең бастысы – жігер мен құлшыныс, батыл шешім қабылдап, болашақ іске деген сенім қажет.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік бағдарламалардың барлығы толық көлемде өз деңгейінде жүзеге асырылатын болса, еліміздің тек ішкі нарығын ет және сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық рынокқа жоғары сапалы өнім шығаруға мол мүмкіндіктің болары сөзсіз.
Гүлзада ШАЛАҒҰЛОВА,
«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ
Атырау филиалының директоры.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*