Ауылдарға – ауыз су

Биыл Махамбет ауданының Алға, Бейбарыс, Есбол, Жалғансай елді мекендеріне жазғы су жүйесінің құрылысы жүргізілмек. Мұндай жұмыстар Индерде де бастауын алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Жұмабай Қарағаев одан әрі осы мақсатта Талдыкөл, Ақкөл, Котяев, Ганюшкино, Приморье ауылдарына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып жатқанын айтты.

әлеумет

Облыс халқы ауыз сумен Жайық, Шарон, Қиғаш өзендері мен Қоянды, Мұздыбұлақ, Тайсойған және Кереген  жер ас-ты су қойнауларынан және  Қиғаш – Маңғышлақ топтық су құбыры арқылы қамтамасыз етілуде. Күні бүгінде аймақтағы 164 ауылдық елді мекеннің 127-сі орталық желімен қам-тылған. Қалғанына ауыз суды арнайы автокөлікпен тасымалдау ұйымдастырылған.

Республика көлемінде ауыз сумен қамтуды 62 пайызға жеткізу жолында ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, 15 елді мекенінде құрылыс жұмыстары іске асырылуда, – деді ол.

Баршамызға белгілі, өңірде қазірден бастап қысқы жылу беру маусымына әзірлік шаралары жүргізілуде. Жұмабай Ғаббасұлының айтуынша, Балықшы кентінде орналасқан тұрғын үйлерді «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ  жылу желілеріне қосу үшін жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгені құрайтын үш сатыдан тұратын жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды.

Тағы бір айта кетер жайт, жыл сайын сұйытылған газ қондыр-ғысын орнатқан автокөлік санының өсуіне байланысты аймақта осы шикізат түріне сұраныс артуда. Мәселен, өңірге былтыр – 1200 тонна,  биыл  2000 тонна сұйытылған газ бөлінді. Бас-қарма бұл бағытта да тиісті жұмыстарды қолға алды.

Брифингте тілшілер Атырау қаласындағы субұрқақтарының қазіргі жай-күйі жөнінде сауал жолдады. Өз кезегінде баяндамашы оларға күрделі жөндеу жүргізілетінін, қазірде жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып жатқанын атап айтты. Жаңартылып, қайта жаңғырған субұрқақтар динамикалық жағынан да өзгермек.

Айбөпе САБЫРОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*