Ауылда да ажырасу аз емес

Мақат ауданындағы қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысында отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбие үрдісінің сақталуы туралы мәселе талқыланды.

Nafaka-Davasi-Nasil-Acilir_1501595912

Отырыста «Отбасы жарастығы неде?» тақырыбында ұлттық тәрбие құндылықтары туралы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, кәсіби емес медиатор Дәмен Алтаева баяндама жасады. Ол бабалар дәстүріндегі ұлттық құндылықтарды бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру, әйел мен ер азамтқа тән әдеп пен әдетті қалыптастыру қағидаларын сөз етті.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Гүлсара Биташеваның айтуынша, биылғы жылдың алты айында ауданда 88 неке қию, 26 неке бұзу дерегі тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, некеге тіркелушілер кеміп, неке бұзушылар қатары өскен. Мұның себебін ол ішімдік ішу, жұмыссыздық, отбасы жауапкершілігінің төмендеуінен екендігін алға тартты. Сондықтан, отбасын құрушы жастармен жұмысты жандандырып, қоғамдық келісім кеңесі мүшелері тарапынан тәрбиелік мәні зор жұмыстарға ықпал ету қолға алынуы қажет-ақ.

Жас отау иелерінің отбасын жоспарлау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектептердің дәрігер, психологтармен қарым-қатынасын жақсарту арқылы тиісті кеңестер беру қажеттігі туындап отыр.

Жиында сөз алған облыстық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Аманғали Әміржанұлы қоғамдағы келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуда кеңестің рөлін көтеру туралы ойын ортаға салды. Ауданға арнайы сапармен келген Махамбет аудандық қоғамдық келісім кеңесі сарапшысы Асқар Құрманбаев өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Лена НҰРБАЕВА,

Мақат ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*