Өнімділік өсіп тұр

0195c02a29d522a7163afeb0a7ee9db1 XL Экономика

Егіншілікте де еншіленген табыс аз емес. Биыл облыстағы 8 000 гектардың басым бөлігіне көкөніс, қалғанына картоп пен бақша дақылдары өсірілді. Сонымен бірге, 2 432 гектарға малазықтық  дақылдар егілді.

0195c02a29d522a7163afeb0a7ee9db1_XL

Соңғы жылдары егістіктің аумағы ұлғаюмен бірге, алынған өнім көлемі көбейіп, өнімділіктің артқанын аңғару қиын емес. Мәселен, 2016 жылы картоптың әр гектарынан 127,7 центнерден өнім алынса, бұл көрсеткіш көкөністен 285,3 және бақшадан 283,0 центнерден келді. Өткен жылы аталған дақылдардың гектар айналымы сол межеден аз-кем асса, биыл айтарлықтай көбейген. Сөйтіп, гектар берекелілігі картоптан – 134,9, көкөністен – 312,3 және бақшадан 288,7 центнерді құрады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз