Қара уылдырыққа қызығып..

Агрокешен Жаңалықтар

Atr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Республикалық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық инспекциясынан алынған ақпараттарға қарағанда, «Бекіре – 2019» балық қорғау акциясы басталғалы бері 1 057 табиғат қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталған.

Соның ішінде, Атырау облысында – 806, Маңғыстау облысында – 149 және Батыс Қазақстан облысында 102 факт тіркелген. Сондай-ақ, 49 қылмыстық құқық бұзушылық есепке алынып отыр. Оның 21-і Маңғыстау, 16-сы Атырау, 12-сі Батыс Қазақстан облысының аумағында орын алған. Бұл фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тұтастай алғанда, 749 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 қылмыстық тұрғыда жазаланатын іс-әрекет белгілері есепке алынды, 11,7 млн. теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Заңсыз балық аулаушылардан барлығы 22 тонна 773 кило «су маржаны», оның ішінде 2 тонна 728 кило бекіре тұқымдас балық пен 4,64 кило қара уылдырық тәркіленді. Жайық өзені бойындағы су айдындарын сүзу барысында табиғат қорғау заңдылықтарын бұзған жеке тұлғалардан 3 463 балық аулау және 114 жүзукөлік құралы алынған.

Бекіре тұқымдас балықтарды жасанды жолмен көбейту жөнінде берілген мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 217 өндіруші балық аулады. Оның 14-і бекіре, 181-і шоқыр, біреуі піл майы және 21-і сүйрік балықтары болып отыр. Акция аясында үйлестіру кеңесі мүшелерінің қатысуымен Атырау қаласында, Құрманғазы, Жылыой және Исатай аудандарында тікұшақпен рейдтер ұйымдастырылып, бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз жолмен аулау фактілерінің орын алғандығы анықталған.

Дәулетқали АРУЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *