Ауыл мектебіне – мол мүмкіндік

Халықаралық форум аясында Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінде үшжақты Меморандумға қол қойылды. Жаңа жоба нәтижесінде Исатай ауданы, Жанбай ауылындағы Х.Нәубетов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары халықаралық білім ордасынан тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік алады.

Поддержи сельскую школу (82)

Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері Орынтай Биманованың айтуынша, жоба жүйелі жүзеге асса ауылдың мектеп оқушылары робот жасау техникасы, нанотехнология, биология және экология бағытындағы білім мен тәжірибені ұштастырып оқитын болады.

Шара барысында «Әлемді өзгертетін идеялар» деген тақырыппен оқушылардың ғылыми жобаларының көрмесі, «XX ғасырдың 20 жылдарындағы Каспий өңірі қазақтарының тұрмысы мен мәдениеті фотоқұжаттарда» жобасы көрермен назарына ұсынылды. Ал, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Рашида Харипова мұнайлы мекеннен табылған жәдігерлер туралы сыр шертті.

Сондай-ақ, аталған шара шеңберінде Орталық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің бас менеджері Екатерина Щугарева Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиевтің «Ұлы дала ұлағаты» және «Руханият діңгегі» кітабының тұсаукесер лентасын қиды. Автордың айтуынша, бұл кітапта қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениеті, тілі мен діні туралы мазмұнды баяндалған.

Назарбаев зияткерлік мектебіндегі шара соңы «Білім салтанаты — кітап салтанаты» тақырыбындағы шеберлік сағатына және «100 кітап», «TED*NIS» клубы, «Wikipedia», «Reading time»  және басқа жобалар бойынша тәжірибелік жұмыстарды қамтитын семинарға ұласты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*