Авторские архивы: Нұрислам Құспанғали

Мамандығым – мақтанышым

Мамандығым – мақтанышым

Осыдан 23 жыл бұрын Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне ақжарқын азаматша қызметке келіп, ұжымға тез үйренісіп кетті. Жамал Исмадьярова 1995 жылдары қорғаныс істері жөніндегі департаментке есепші болып қызметке тұрады. Содан бері өз мамандығының майталманы екенін дәлелдеп келеді. «Әскери орта тәртіпті қажет етеді. Тым кештетіп жұмыс істеген күндерім болды. Есепші маманының маңыздылығын түсінетін отбасым мені әрдайым қолдап отырады. Әріптестерім өте ...

Читать далее »

«Өз балаңа үлгі бол!»

«Өз балаңа үлгі бол!»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына орай министрлік өкілі, Еуразия ұлттық университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Әлия Мәмбеталинаның қатысуымен облыс мектептерінде республикалық ата-аналар конференциясы өтті. «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты бүкілқазақстандық шара Атырау қаласындағы №33 және №18 мектепте өткізілді. Бұл – оқушылардың отбасыларымен жұмыстың инновациялық формасы. Мемлекет балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге, олардың тәрбиесі мен білім ...

Читать далее »

«Бастаудан» бас тартпа!

?????????????????????????????????????????????????????????

Өңір тұрғындары кәсіпкерлікке бет бұрғанымен, мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалануға құлықсыздық танытып отыр. Мәселен, «Бастау» жобасы бойынша оқып шыққан 663 адамның тек 64-і ғана жеңілдетілген несие алған. Кәсіпкерлердің дені кепілзаттың болмауы себепті несие рәсімдей алмай жүр. Сондай-ақ, олардың өтінімдері ұзақ қаралады. Аймақтағы жеті аудан тұрғындары да кәсіпкерлікті дамыту ұйымдарының несиелерін пайдалана алады. Бірақ, олар 6 млн. теңгеден көп сұрайды. Қаржылық қор ...

Читать далее »

Маржанның «Ертегі терапиясы»

marzhan

Жақында Махамбет аудандық кітапханасында жерлесіміз, белгілі ақын-аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершумен кездесу өтті. Ақынның оқырмандармен бұл жолғы кездесуі ерекше болды. Кездесуде Маржан таяуда ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың қолдауымен жарық көретін «Кітапхана педагогикасы: Ертегі терапия» атты жаңа кітабы туралы әңгімелеп берді.           – Ертегі  терапия – бұл тұлға дамуының экликалық әдісі, психология, педагогика, психотерапия, мәдениеттану мен философияның жинақталған синтезі. Бұл – халық ...

Читать далее »

Елбасы кітапханасы – Атырауда (видео)

баннер

17 қыркүйектен бастап Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі өз жұмысын бастайды. Жобаның аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, ғылыми-тәжірибелік семинар, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі Президенттік оркестрінің шығармашылық есеп беру концерті, дөңгелек үстел, семинар-тренингтер, «ашық кеңістік» форматындағы интерактивті кездесулер, көрме бойынша шолу және тақырыптық экскурсиялар, сондай-ақ, Атырау облысы бойынша көшпелі экскурсиялар жоспарланған.

Читать далее »

LG смартфондарын неге таңдау керек?

Без имени-1

Егер сіз үшін смартфон байланыс құралы ғана емес, өзіндік ерекше орны бар болса, онда сізге ерекшелігі, түсі, мүмкіндігі және қол жетімділігі тұрғысынан сәйкес келетін LG G7 ThinQ моделіне назар аударуыңызды ұсынамыз. Оның себебін түсіндіріп көрелік.     Экраны Сіз телефоныңызды күндіз жарық күнде пайдаланып көрдіңіз бе? Мысалы, Instagram-ды парақтаған кезде? Бұндай жағдайда күн сәулесіне экран шағылысып, суреттер нашар көрінеді. LG ...

Читать далее »

«Кселл»-дің республикалық «Digital Life» білім беру жобасы қорытындысын шығарды

maxresdefault

 «Кселл»  коммпаниясының республикалық «Digital Life»  білім беру жобасы 2015 жылы басталған болатын және үш жыл ішінде оған Қазақстанның 17 қаласынан шамамен 8 мың адам қатысты. 298 тегін мастер-класстар өткізілді. «Мобильді медиа», «Мобильді қауіпсіздік», «Мобильді білім», «Мобильді мемлекет», «Мобильді бизнес», «Бизнеске арналған SMM»,  «Әжелер, аталар және смартфон» курсы  – бұл «Digital Life» жобасының 14 тақырыбы ішіндегі ең танымал мастер-класстар. «Digital Life» ...

Читать далее »

Дархан – Азия ойындарының чемпионы

129668_1512617836

Индонезияның астанасы Жакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында отандасымыз Дархан Нортаев джи-джитсудан 62 келі салмақта алтын жүлдеге ие болды. Осыған дейін 2016 жылы әлем чемпионы және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған ол жарыс жолында Бахрейн, Филиппин, Қырғызстан спортшыларын жеңіп, ақтық сында да БАӘ-нен келген Омар әл-Фадхлиден басым түсті. Биылғы Азия ойындарына аттанған қазақстандық 440 спортшы әзірге 4 алтын, ...

Читать далее »